Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  82


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Дода

Қою шаң бұйраланбай көк төрінде,
Шулықса, көкпар деген дерт тегінде.
Кергілеу неге керек, ағайындар,
Қарсымын бір лақты төрт бөлуге.
Сірескен тымағының бауын тістеп,
Қауын түс көп, айырылса ауыр түспек.
Ежірейіп қарайды кимелесең,
Тұрғандай жаңа ғана жауын түстеп.
Олжаны келмей тірі қиғылары,
Сусиды топ, қайтадан жирылады.
Жапанды жаңғыртқанда дүбірлі айғай,
Жер тарпиды сүмбедей жүйрік әлі!
Есе жоқ, бірақ, оған амал бар ма?!
Ит бар да, күншіл бар да, арман бар да.
Қағатын қуғыншыны қарауылдай,
Кес-кестеп, жол бермеді-ау, талайларға!..



1969 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу