Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  125


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Тасжарған

Дән көктесе, жартасты тесіп егер,
Азық бер, әуелесін несібе бер!
Себебі, ол «арман асты» менсінбейді,
Бірбеткей табиғатын кешіре гөр.
Қат-қабат кедергіге, кенет алдан,
Жаншылып жан тамыры, дене талған.
Қайсар ғой қақпайлауға ерегісіп,
Нәр алған, қысқан сайын медет алған.
Өне ме күтімі жоқ бойшаң шынар,
Қорымға тұншықтырып қойсаңшы, бар!
Қайдан білдің, жасынан мәпеленсе,
Тасжарған шынардан да сойқан шығар?!
Жортқанда қазақ атаң жолға бөтен,
Томары шоқпар болған қолға бекем.
Сапты аяқ, ұршық, ожау, үй мүлкі ғой,
Оқты да тасжарғаннан жонған екен.
«Не тәйір, сол алмалы бау қасында?»
Десең, көке дайынмын дауласуға.
Шетен емес, шынайы жемісті ағаш,
Әйтсе, бұл ең тәттісі әу, басында!..



1971 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу