Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  69


Автор: Қажытай Ілиясұлы

«Сыбағаң бар»

Не көрмеді, бұл басым көрген бәрін,
Жоқ сонда да қайтқан бет, сөнген жалын.
Білемін тартыстың бар тарихында,
Тықсырып, титықтатып жеңген дарын.
Орғыта шолғанменен мыңдар алдын,
Бұзыпты ниетіңді тырнақ алдым.
Күндізгі айдай елеусіз жүргенімде,
Тапқан тәуір ойларды ұрлап алдың.
Тірлігін жасайды ғой тірі адамдар,
Ала түс, жырым-шетік құрағандар!..
Өйткені, денсаулығым жаман емес,
Қойнымда қуанатын «сыбағаң» бар…



1968 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу