Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  436


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Аққан жұлдыз

(Бақытжан Нұрғажаевқа арнадым)
Айы толған баяғыдай,
Ашық аспан алабын-ай!..
Дала үнсіз дірілдейді-ау,
Көлкіп тұрған қалайыдай?!
Қайырма:
Аққан жұлдыз қас-қағымда,
Жұмбақ еді бастабында,
Күміс арқан сұйреткендей,
Құмартушы ем жас шағымда.
Саралайтын әлі зерде,
Көп екен ғой жазым ерге.
Көктен жұлдыз сөнеді екен,
Жерден адам жан үзерде.
Қайырма:
Оған жұрек иланулы,
Кімге айтармын, мұңлы әнімді?!
Тамған жастай жұлдыз көрсең,
Үйіре жүр иманыңды!
Қайырма:
Қызықтырып, құнықтырып,
Үзіледі-ау, үміт, күдік!..
Пенде тоймас дүниеге,
Жалғандығын біліп тұрып.
Қайырма:



2001 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу