Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  136


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Алматы

(әні бар)
Тұғырың құтты,
ғұмырың мықты,
Әлемге аян-арғы атың!..
Аямай барын,
тартқан нәрін,
қаратқан бәрін,
Абыздай асқақ, Алматым,
жәннатым!
Дәм айдап келіп,
Ән ойлап келіп,
Затыңды ұққан тұлғаны,
Құлыңдай көрмей,
құлындай көрдің,
Ұлыңдай көрдің, Құшағың
мамық құндағы, гүлбағы!
Ерен ердің де,
төл өнердің де
өзіңде жүйрік, жорғасы!
Бала ниеттің
мәдениеттің,
әдебиеттің,
Қылымның, ойдың ордасы,
сөз басы!
Тұрағы бірге,
Ұраны бірге,
Ұрпағың үлгі бастаған.
Аруақ қолдап,
шаңырақ оңдап,
киелі таудай,
Биіктей берші басқадан,
асқақ ән!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу