Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  88


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ақсуға барғанда

Туған жер, ыстық еді көркің неден?


Жанарға жас қайнаттың мөлтілдеген.
Алды-артын аңғармайтын есер едім,
Егесте мен айтайын, сен тұр деген.
Сескеніп, семсерінен қиын жылдың,
Өмірдің отыз тарау күйін білдім.
Мен сенің маңдайыңа симағанмен,
Сен менің таңдайыма сиып жүрдің.
Атансам ақын, сазгер бағым жанып,
Өзіңе арнағанмын әнімді анық.
Тарыдай тіс жігіне қыстырылған,
Көз тойды не етерден жаным қалып.
Өнердің жолын қусам серттей бекем,
Қарама шендескенді ертпей, кетем.
Төрінде ұжымақтың сайраңдадым,
Бәрі-бір туған жерге жетпейді екен.
Бала кез домалатып тасымды өрге,
Ізімді қалған сар дала, жасыл белде…
Аруақ кешір мені кешіре алсаң,
Жеткенше иілейін басым жерге!


1989 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу