Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  292


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Шабыт

Жайыларда жаңа жырдың өркені,

Қажап еді, сезім қандай ерке еді?!
Айналаңа меңіреу ғып ілезде,
Қиялыңды қияныңа серпеді.
Тыңдағандай тіл байлаған ән-күйді,
Ойың сергек, жаның ұйып қалғиды.
Қайта таппай қалам ба деп сасасың,
Сыбыры жоқ, сыры ғажап әлдиді.
Өте шығып өкінішті түске ұқсап,
Зарықтырма, бір өзіңді күш тұтсақ!
Өлең шіркін жұдырықтай жұмылсын,
Байырқала қайырлы сәт, ыстық сәт!..


1967 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу