Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  88


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Іңкәрлік

Тастаса да жүрегіме жүз қармақ,
Өлең жазып көрмеп едім қызға арнап,
Бүршік жарды түкпірінен жанымның,
Өзіңдей бір үлбіреген қызғалдақ.
Құмарлықтың құдіретті қыспағы,
Айтарымды ауыздықтап, ұстады.
Дидарыңа тіке қарай алмаймын,
Құпия ой көкіректе пысқалы.
Еркің білсін өжет десең, ез десең,
Көркіңе көз суғаруға кездесем.
Тіл байланып, тіс жаратын емеспін,
Іңкәрлікті осы өлеңнен сезбесең.


1961 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу