22.08.2022
  150


Автор: Қожанасыр хикаялары

Қожанасырдың өліп-тірілуі

 


Қожанасыр есегін жегіп алып тоғайға келіп, отын жия бастапты. Бір жуан бәйтерекке біт- кен ылғи қу бұтақтарды көріп: «Тоғайды ара- лап қу ағаш іздегенше, бір жерден арбамды толтырып алайын», - деген оймен, бәйтеректің басына шығып алыпты да, сатылап шабумен бір бұтақтан бұтаққа сырғып түсе беріпті.



Ақырында аяқ салатын бұтақ қалмай, енді аяғын тіреп тұрған бұтағына атша мініп алып, түп жағын шаба бастапты.
Сол арадан өтіп бара жатқан жолаушы Қожанасырдың бұл ісін көріп: «Әй, отыншы, қазір құлайсың ғой», - депті. Қожанасыр бұл сөзді елең қылмай бұтағын шауып отыра беріпті. Бір кезде бұтағы қиылып, бұтағымен бірге жерге өзі де топ ете түсіпті.
Денесінің ауырғанына да қарамай, жал- ма-жан атып тұрып: «Апырмай, жаңағы айтқан періште екен, құлайтынымды біл- генде, өлетінімді де білуге тиіс», - деп ой- лапты да, жүгіріп отырып қуып жетіп: - Сен періште екенсің, менің құлайтынымды білдің, енді өлетін күнімді айт, - депті. Жолаушы:
«Періште емеспін, жай адаммын, есің ауысқан ба, өзіңнің?» - деп маңайына жолатпаса да, Қо- жанасыр: «Өлетін күнімді айт», - деп соңынан қалмапты. Мазасы кеткен жолаушы: «Есе- гің үш рет ақырғанда өлесің», - деп құтылып кетіпті.
Қожанасыр бұл сөзді естіген соң: «Тірі кезім- де үйге жетіп алайын», - деп ойлапты да, жиған ағашын тастай сала үйіне тартып отырыпты. Жолда келе жатқанда есегі бір ақырыпты. Қо- жанасыр: «Жақындады», - деп есегіне қамшы басыпты. Есегі екі рет ақырып қалыпты.
«Келіп қалдық, үйге жеткізбей ала ма, құдай- ым», - деп есегіне қамшы басыпты. Қиналған есек үш рет ақырып жібергенде, Қожекең:
«Өлдім», - деп арбадан құлап, екі көзін тас жұ- мып, ішінен иман айтып, жерде сұлап жатып қалыпты.


Қожанасырдың өліп-тірілуі 


Сол кезде артынан тағы бір жолаушы келе жатып, «ессіз» жатқан кісіні көріп: «Тұр, тұр,  бір жерің мертікті ме?» - деп көтере бастапты. Қожанасыр: «Қозғама, мен өлдім», - деп көзін де ашпапты. Жолаушы әрі- бері тұрғыза ал- маған соң: «Бұның есі дұрыс емес шығар», - деп қолындағы таяғымен сабай бастапты. Қожана- сыр: «Е, бұл мүңкір-нәңкүр дейтін тергеуші періштелер екен ғой!» - деп ойлап жата беріпті. Таяқ әбден етінен өте бастаған соң шыдамы кетіп, көзін ашып тұре келіпті. Қараса, анадай жерде есегі түр, кәдімгі жарық дүние.
«Бұл қалай?» - деп аз танданыпты да: «Е... бұл баяғы періште екен ғой, қолындағы таяғы жан бергіш таяқ екен ғой», - деп ойлапты. «Періште, таяғыңды маған бер, орнына азырақ қызмет жасайын, сен оған дейін жұмаққа барып дем ал», - деп, жармаса кетіпті. Жолаушы: «Жын- данған ба?» - деп таяғын тастай сала тұра қашыпты. Қожанасыр таяқты ала сала аулына келіпті. Ауылдың адамдарының бәрі жаңадан өлген бір кісінің үйінде екен. Бұл үйге Қожа- насыр жетіп келіп: - «Мен тірілтемін», - деп өлікті сабай бастапты. Жұрт таяғын тартып алып, өзін үйден қуып шығады. Қожанасыр сонда: «Қап, таяқтан айрылдым, періштеге не айтармын енді?» - деп өкініпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу