Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  89


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

41 градус күн ми қайнатты...

Есжан Әміровке
41 градус күн ми қайнатты,
Оңтүстік етек жеңін жыймай жатты.
Шәмшінің жаратқанда Жаппар Ие,
Бір дыбыс тәніне оның сыймай қапты...
Біз - таспыз -
Алла көктен нұр құйса да,
Айнала алмайтұғын жыр - хиссаға.
Шәмшіні сыймай қалған сиқыр үнді.
Берген ол соны сезіп - Нұрғисаға.
Қырандай қырдан шалып, ойдан шалып,
Арылмай ойдан - күмән, бойдан - шабыт,-
Осы бір екі атаңның Аруағы,
Арқаңда жүр ғой сенің ойран салып!
Асау үн ие бермей дүркіреді,
Киесі - ұлтың менен жұртың еді.
Кеудеңнен көк ала үйрек-ән ұшпаса,
Бақсы боп кетуің де мүмкін еді...
Қасыңда - Илья - жыр, Илья ағаң,
Көкейде - Илья - әуен, Илья-ән, -
Сабындай қамшының ғұмырда бұл
Жетеді қандай ғажап дүние оған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу