Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  79


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Жерде түк жоқ секілді...

Жерде түк жоқ секілді,
Аспанда - түк,
Көшкендей көзден-дәурен, бастан - уақыт.
Бес уақыт намазға кеп жығылсам ба,
Отыз күн ораза ұстап - аштан қатып.
Сабырым бітті-ау, әбден, Алаш-Анам,
Сайтанмен қашанғы енді таласа алам.
Бақсыдай - тұтып, қаңғып кетер едім,
Ұлардай шулайды ғой бала-шағам.
Бойымды бекзат қаным ысытады,
Өйткені, ол -
Күлтегіндей кісі қаны.
Кетер ем вокзал кезіп, бомж болып,
... Денемді кір көйлегі қышытады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу