Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  144


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ЖЫЛЫМ ҚҰРТ

Бұл құрт - құдай атан құрт!
Кеудемізде жатқан құрт:
Сұлтанмахмұт арыстың,
Өкпесіне шапқан құрт!
Кеудені -
Кеуледі!
Атып шыққан кезде,
Жыртып жейдені -
Бір Албасты көрдім адам-бейнелі...
Күнңің елін іздеп,
Қараң құл елін,
Дүниенің кезіп қара түнегін,-
Сәкендердің миын жеді үңгілеп,
Мағжандардың -
Жүрегін!
Ғұмырында тойынбаған,
Аш әлі!
Нәжістей - лас!
Һас хайуан!
Мас--әрі.
Елге осындай жұт келгенде құтырып,
Құт келгенде -
Қашады...
Шағар кезін санап бір,
«Қайсы, қане, санатты ұл - деп - қанатты ұл?!»
Екі көзі атыздай боп қазаққа,
Әне, әлі қарап тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу