Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  57


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Қайдасың?

Қайдасың?
Қай өңірде, қай жақтасың?
Кім келіп тірлігіңді айғақтасын?
Құдай-ау, біле тұра қайда жүрсің,
Өзіңсіз Күнім шығып, Ай батпасын?
Қайдасың?
Қай өңірде, қай жақтасың?
Ләйләсіз Мәжнүнге ұсадым ба?
Қайтейін...
Қанат байлап ұшамын ба?
Жастықты жасың жуып жатырсың ба
Қызғаншақ жат еркектің құшағында.
Сен жүрген Сарыарқаның сағым іші,
Олай да, бұлай елдің сабылысы.
Махаббат азап та емес,
Ғажап та емес –
Адамның сарғайған бір сағынышы.
Көзіме бір көрінші, сүйіп өлем,
Сені іздеп Жер-анадан, Күн-Иеден.
Өмірде тарқамай бұл сағынышым
Өтетін болдым мына дүниеден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу