Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  77


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Аттың үстінде өмірім өтті-ау азамен!

Аттың үстінде өмірім өтті-ау азамен!
Азаттық! Неткен ғажап ең!
Шүршітті қуған қазақ ем,
Қалмақты қырған қазақ ем.
Жағадан ап, жауым сабаса,
Тілім жоқ, көзім алайды.
Ел-жұртым ерге қараса
Ер – неге жерге қарайды?!
Жал, құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салдық па?
Қалың малы арзан деп,
Жаманнан қатын алдық па?
Елеске еріп сағым дүниені қуған соң
Түстік пе топан теңізге?
Жаманнан жаман туған соң,
Тарттық па топас негізге?
Боқтасып келем, соттасып,
Жүретін жолды жобалап.
Абылайдың семсерін тот басып,
Алтын бас кетті домалап...
Мынау – кім?
Кел де, танып ал,
Ел көшкен, иесіз жұрты қап,
Басы жоқ, шыбын жаны бар,
Ішек-қарын жатыр шұрқырап...
Көзімді жұмам.
Ашқанда –
Жынды боп, лағып кетермін.
...Алаштың рухы – аспанда.
Мен – жерде қалған екенмін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу