20.08.2022
  91


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРАТОРҒАЙЫ

Талай қазақ баласы,
«Болашақтан» оқыды,
Көздің ақ пен қарасы
Көп нәрсені тоқыды.
Бір бірімен сыр алып,
Ел де, жер де танылды.
Жастар басы құралып,
Ел намысы жанылды.
Сөйлесетін тіл ортақ,
Тоғыстырған бір ғылым.
Өркениет ой да ортақ
Білмек және әр қырын.
Түрткүл дүние жастары,
Көріп көзбен түрлерін.
Достасуды бастады
Жақын біліп бір-бірін.
...Қазақстан картасын,
Көріп жатқан тамсанып,
Қойып қалып партасын
Бір қыз десін: жар салып:
- Борат! Борат! Біліңдер!
Қарындасы мына қыз.
Күлкілі Қазақстанды
Осы қыздан сұраңыз...
Жас емес пе жиналған,
Күлкі кетті көбейіп.
Ал Ақбота қиналған
Қалды бірден сілейіп.
«Мына қыздың бопсасын,
Көрсетсем бе көзіне,
Мазақтаудан тоқтасын..,»
Деді оңаша өзіне.
Ішке түйіп намысты,
Бір сәт өзін басады. Түйген саусақ қарысты,
Сабырлықты жасады.
Арабиядан келген қыз,
Қызы екен Королдың.
Әрнәрсеге ерген қыз,
Бермейді екен топ алдын.
«Мұсылмандық діні бар,
Білер қазақ ел
-жайын.
Өзі-ақ кейін ұғынар
Бақсам ба екен ау-жайын»-
деп Ақбота қолына
Ала берген түскі асты.
Ал ханшайым тағы да:
«Боратсың!»- деп ұстасты.
Бұдан әрі шыдауға,
Төзім шегі таусылды. Күйіп-пісіп жылау ма,
Атылды оған жау-сынды.
Кіп-кішкене торғайдай
Ақботаға күш келсін.
Соқты басқа, маңдайға-ай
Үстіне оның түскенсін.
Төпеледі қоймастан,
«Қысқарт! Қысқарт Боратты!
«Қазақ! Қазақ! Қазақстан!»
Біл енді сен
осы атты!
Ақбота қыз от еді, Намысынан лаулады.
Еске келмей төпеді
Соңында үлкен дау бары...
***
Бұдан кейін не болсын,
Талқыланды екі қыз.
«Шықсын, яки оқысын
Тез жазылсын өтініш!»
Кімдер куә, көргендер,
Түгел шықты ортаға,
Намыс жүгін бөлгендер
Әділін айтты қорқама.
Ақботаға тиді сөз,
Ол жүгінді сабырға
Қадалып тұр қанша көз
Тиылды шу, дабыр да. - Мен қызымын қазақтың
«Қазақстан» ел атты.
Қызы емеспін мазақтың
Атамасын Боратты.
Мазақтауға елімді,
Жол беруге
қақым жоқ.-
деді Ақбота сенімді
Өзі-өзіне батыл боп.
Сөйлеушілер бәрі де,
Қорғады,
- деді,
- намысты,
Ханшайымның өзіне
«Кінәлі » деп жабысты..
Қорытындысы жиынның
Айтты бірден турасын:
«Қазақстаннан кешірім
Сауд-Арабия сұрасын!»
Ханшайым кетті дірілдеп,
Шапалақ кетті дүрілдеп.
«Кешірім сұра, кешірім»
деп дауыстар
гүрілдеп.
«Қарай көрші батыл-ақ,
Елін қалай қорғады»-
деп өзгелер жақындап
Ақбота өңін барлады.
Деді өзгелер:
«Сүйкімді өзі, сөзі де, Өңі қандай аппақ-қыз.
Жанып тұр қара көзі де
Жүретін болдық мақтап біз»-
Деді оқытушылар:
«Қазақтың қызы қандайды
Ұқсатам қараторғайды...
Шыр-шыр етіп көрдің бе.
Ұлт намысын қорғайды».
Деді курстас жігіттер: «Браво, Браво, Батырхан
Араб қызын қатырған.
Жекпе-жеке келгенде
Арыстанша атылған.
Елің сенің айналсын
Ақбота деген атыңнан.
Браво!»
***
Шешіміне не дейміз:
Осындай қазақ баласы,
Шетелдерде оқысын
Көздің ақ пен қарасы
Жүрекке намыс тоқысын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу