Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  81


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ДОСТАРЫМ

Ризамын сендерге, қоршаған мені достарым,
Келіпсіңдер мені іздеп, жиналып түгел бастарың.
Өрлетіңдер жоғары, алыңдар орын төрімнн,
О, достарым, сендермен, шалқиыншы бүгін мен.
Тұрушы еді мынау үй, өздерің келмей қаңырап,
Үйдің де сәні елгендей, келген соң сендер жадырап.
Сезініп жалғыз жүруші ем, сендермен қалдым көбейіп,
Кәнекей, көңіл сырларын ағытайық, төгейік.
Өзіміз болсақ шалқар көл, тербелсін онда жыр қайық,
“Достар” әнін қосылып, бәріміз бірге шырқайық.
Естісін мынау дүние, елтісін достар әніне,
Тіршіліктің достарсыз мағынасы не, мәні не?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу