Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  124


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ЕНЕЛЕРГЕ ТЕГІН АҚЫЛ

Келіннің әлемін айт,
Үйренген әдебін айт,
Оны сен айта алмасаң
Істеген сәлемін айт.
Келіннің жанарын айт,
Қарайтын қабағын айт,
Оны сен айта алмасаң
Жасайтын тамаған айт.
Келіннің күтімін айт,
Шығарар түтінін айт,
Оны сен айта алмасаң
Енемен бітімін айт.
Келіннің өнерін айт,
Тыңдайтын өлеңін айт,
Оны сен айта алмасаң
Қозысын, көгенін айт.
Келіннің есебін айт,
Айта алмас өсегін айт,
Оны сен айта алмасаң
Жинайтын төсегін айт.
Келіннің төзімін айт,
Сезінер сезімін айт,
Оны сен айта алмасаң
Дей бергін «Сөзің ұнайд»
Мақтайтын сөзің болсын,
Көрмейтін көзің болсын,
Келінді мақта, мақта
Мақтауға төзім болсын
Құлағың керең болсын,
Қолыңда тебен болсын,
Сәлемін күтпей-ақ қой
Сәлем де сенен болсын.
Ұл-келін аман болсын,
Демегін жаман болсын
Жүгіріп күт келінді
Жүгірер табан болсын
Тіл қатпа келініңе,
Уақыт бер керілуге,
Тырысып өнерді сал
Жақсы боп көрінуге.
Үндеме келініңе,
Ие бол сеніміне,
Жоғары өсіп кеткен
Келіннің шені міне...
***
Әдемі келіндердің,
Әдемі керімдердің,
Бәріне алтын сырға
Ақылды тегін бердім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу