Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  54


Автор: Өріс Яшүкірқызы

КӨРІНБЕЙТІН КҮНӘЛАР

Түн ортасы. Аурухана бөлмесі,
Жарық көзі сөніп қалған өлмеші,
Жалғыз ауру ыңырсиды қиналып
Ал қорылға басқан түгел өңгесі.
Кезекші боп түн күзеткен дәрігер,
Мед бикенің көңлін аулап әбігер,
Сылқ-сылқ күлер құшағына қысқан қыз
Ниетте емес қолын қағып «Әрі» дер.
Аурухана ішінде де түн ала,
Кейде жарық, кейде түнек күн ара.
Бір төсекте жан қысылып жатқанда
Бір төсекте батар біреу күнаға.
...Ауру дене бір суыды, бір күйіп,
Тіл де ауызға симағандай дүрдиіп,
Дәрігер жоқ жедел жетіп келетін
Ажал келді.Тартты өзіне тұңғиық...
Еш күнәні көрмегендей атты таң,
Керуетте мұздай болып жатты жан,
Өлген адам шықты есіктен зембілмен
Айырма жоқ, арам өлген тоқтыдан.
Ауруының тарихы бар құжат па?..
Оны өзгерту созылмады ұзаққа.
«Қан қысымы күрт жоғары т.б..»-лар
Дәрігерлер түсуші ме ед тұзаққа...
Көрінбейді көзге осындай күнәлар,
Кімді кім боп содан қайтіп кінәлар.
Дәрігерде қағаз-құжат дұп- дұрыс
Бұдан артық есеп емес куәлар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу