Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  119


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Жасай бер, АҚПАРАТ!

Көтеріп шаңырақ жаңадан,
Зейін қойған бар Адам,
Есілдің сол жақ бойынан
Хабары әлемге тараған,
Жасай бер, БАҚ!
Пікірді теріс қайнатпай,
Ұйытып бірлік қаймақтай,
Өркениетті БАҚ- болды
Шымыр және қайрақтай,
Жасай бер, БАҚ!
Айтары болса, айта алған,
Дауласпай бетті қайтарған,
Бір жағада, бір жеңде
Журналистер жүр майталман
Жасай бер,БАҚ!
Десе де бірдің бірісің,
Ақпарат - мәңгі тірісің,
Төртінші билік қолыңда
Бәрінен өзің ірісің,
Жасай бер, Алаш Ақпарат!
Бұқараның қамы үшін,
Бермеген қолдан намысын,
Ақпарат атын ардақтап
Күрескен Алаш ары үшін
Жасай бер, Алаш Ақпарат!
Өзіңмен бүгін, Ақпарат,
Еліміз бірге мақтанат,
Тәуелсіз елдің нұры- сен
Күллі әлемгел бақ тарат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу