Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  77


Автор: Өріс Яшүкірқызы

КИЕЛІ МЕКЕН

Тарихқа жазып есімін,
Түрленді көне Есілім,
Жағалау бойы жас қала,
Келеді жайнап Астана
Қайырмасы:
Астана! Жас қала!
Өткізген дәуір басынан,
Киелі жерсің ғасырдан,
Алдымызда Ақ Орда,
Алақандай ашылған.
Бабаларым жандырған,
Ұшқыннан от шашылар,
Әлемді таң қалдырған
Астана нұры ашылар.
Қайырмасы:
Өмірім де жалғасқан,
Тағдырым да жалғасқан,
Домбырадан ән туып,
Төгіледі күй- дастан.
Қайырмасы:
Арқау болған өлеңге,
Тамыр жайған тереңге.
Бабалардың мұрасы ,
Жетті барлық әлемге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу