Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  310


Автор: Өріс Яшүкірқызы

БӘЙТЕРЕК - ШАМ ОРДА

Бейнелеген алып өмір ағашын,
Ей, Бәйтерек, көгіме шам жағасың.
Атақты Эйфель теңескендей өзіңмен
Бар көңілден мақтанышты табасың.
Республика символы бар өреңде,
Жүз қырық төрт шырағың тұр төбеңде,
Бар нысана сәулелермен жасанған
Қырық төрті нұрын шашар төменде.
Самұрық құс мекен етіп қияны
Қасиетті салғандай бір Ұяны,
Жұмыртқа тұр тәуелсіз ел бейнелі
Тамырына Ел бірлігін жияды.
Құлағыңда өзге жұртқа түре біл,
Бағаңды да биік тұрған біле біл.
Көрген көздер тамсанады былай деп:
“Жолда қалды Мәскеудегі Кремль”
Египетке жоқ, әрине, таласым
Пирамида тылсым кие, жарасым.
Мәртебелік қасиетте ұқсастық
Деп танимын екеуіңнің арасын.
Бәйтерегім, әлем саған қарасын,
Қайталанбас сәулетіңмен дарасың.
Алыс, жақын бәрі танып үлгерді
Есіл бойын - Қазақстан қаласын.
Қарсы алдыңда күк күмбезді Ақ орда
Мемлекеттің туын тіккен Бақ орда.
Бір жүздағы сексен сегіз шырақпен
Бәйтерегім, сен жасадың Шам орда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу