Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  264


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Жан сарайым - өлеңім

Жан сарайым, хан сарайым өлеңім,
Жан бағым да, таңдауым да өлеңім,
Егізім де, сыңарым да өлеңім,
Өлең өлсе,
мен де бірге өлемін.
Мұхитым да, теңізім де өлеңім,
Шалқарым да, кемерім де өлеңім,
Тіршілік пен күйбеңім де өлеңім,
Өлең бітсе,
Менің бітер- қорегім.
Тірі Анам да,
Жыр Анам да өлеңім,
Жан сырым да, сан қырым да өлеңім,
Жарығым да, шырағым да өлеңім
Өлең сөнсе,
Мен де бірге сөнемін.
Тірегім де,
Жүрегім де өлеңім,
Өлеңіммен бірге жылап, күлеміін
Өлеңіммен бір көгеріп, бір өніп
Өлеңіммен бірге жасап келемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу