Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  93


Автор: Нұрлан Қалқа

Алтыншы белес

Алпыс деген – алты белес емес пе!
Көтерілдің асқаралы белеске.
Маңдай термен абыройға бөлендің,
Адамдығың, арлы ісің – бəрі есте.
Достар үшін шаршамаған, тынбаған,
Қиындықта əсте сағы сынбаған.
Біздер үшін қымбатсың сен, бауырым,
Алтынменен өлшенбейді, біл, бағаң.
Салтанатың – барың, бағың, байлығың,
Балалар мен немерелер – Ай, Күнің.
Жарқыраған жұлдызың ғой – достарың,
Іздей-тұғын туыс барда – бар құның.
Құтты болсын алпыс жасың – асуың,
Асқын талай бұл өмірдің асуын.
Алпыс жасың, асқаралы тойыңа –
Достарыңның осы болсын – шашуы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу