Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  106


Автор: Нұрлан Қалқа

Қалғып кетіп мәңгіге...

Өмірді мынау, жаным-ау, мəңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.
Табылды Досым.
Ұйықтап жатып, оянбадың, арысым,
Көз алдыма тізбектелді бар ісің.
Жастай кеткен жоқтап жатыр ақынын,
Алтай, Арқа, Жетісу мен Батысым.
Ұйықтап кетіп, оянбадың, бауырым,
«Өлді деген» бір мен үшін жəй ұғым.
Əнің, жырың, жарқын ісің – мəңгілік,
Еш ұмытпас муза сүйер қауымың.
Бəрін қиып, қалғып кеттің мəңгіге,
Өзің жайлы бастап беріп əңгіме.
Гитара үні жадымызда жаңғырып,
Айналады Табыл атың əн-күйге.
Аласармас өнердегі тұғырың,
Елің үшін еңбегің бар, бар құның.
...Ғазиз жаның шалқысыншы пейіште,
Жүректерге көшін түзеп ғұмырың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу