Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  100


Автор: Нұрлан Қалқа

Жаркенттік оқырманға

Жаркенттен өлең іздеп келдіңіз бе?
Бір уақыт қу тірліктен бездіңіз бе?!
– Ақын болсаң жыр арна! – дедің бірден,
Жақсы жыр сергітерін сездіңіз бе?!
Жыр тумас нағыз бабың келмегенде,
Үнсіз қалдым сөзіме сенбегенде.
Мен ақының емеспін ұйқас қуған,
Қалам алам шабыт кеп тербегенде.
Қалам алам жаныма мұң тұнғанда,
Тұңғиықтан шығуға ұмтылғанда.
Жан емеспін алаңсыз күн кешетін,
Ой азабынан ақының құтылған ба?!
Өкпелеме мақтау жыр арнамасам,
Түсінерсің Музаны бағаласаң.
Сезім-патша əмірі болмай тұрса,
Мен қалайша сөз қуып, жағаласам.
Жыр жазу мақтан емес, мақсат емес,
Өлеңші деген бізге жақсы ат емес.
Жан сырым ағытылар бұлақтайын,
Музаға ой-ниетім жақса тегіс.


Муза білсең – сиынар пірім менің,
Жебеп берсе əсте еш сүрінбедім.
Шабыт-пырақ тақымға тиген кезде,
Нөсердейін құйылар жырым-кенім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу