Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  150


Автор: Нұрлан Қалқа

Жарыңды сатпа

Жаныңда жүрген жарыңды сатпа,
Жамандап оны мініңді тақпа.
Пайғамбар емес, пенде ғой ол да,
Жаманын жасыр, жақсысын мақта.
Алланың құлы кез келген адам,
Жаңылыс сен де басарсың қадам.


Есіңде болсын: жарыңнан емес,
Алладан болар, болса егер жазаң.
Қол ұшын беріп, сыйлап өт мəңгі,
Өзіңді сүйген бейкүнə жанды.
Сырыңды жайма білмеген жанға,
Қайтесің лайлап асыңды таңғы.
Ұққан боп сені, сырыңды алар,
Қамқор боп саған, аяқтан шалар.
Тайғанда барып басыңнан бағың,
Кеш болар бəрі, өкініш қалар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу