Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  64


Автор: Нұрлан Қалқа

Пенделік екен

Үзіліп түсті жапырақ,
Жамылып қайғы атырап.
Қыршын жас жолда қиылды,
Өгейсіп өмір, жатырқап.
Қапыда сөніп шамшырақ,
Аңырап қалды шаңырақ.
...Алдында алған ананың,
Жазылмас дерті, ауыр-ақ.
Кетеміз кейде артық тым,
– Жалғаннан, – дейміз, – жалықтым!
...Пенделік екен онымыз,
Қымбат-ау,
қымбат Жарық Күн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу