18.08.2022
  62


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

АЙДАП САЛ

Бұл ойынға ойнағысы келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Сосын бірінші топтың ойыншылары сыртқа шығып кетеді де, екінші топтағылар үйдің ішінде қалады. Ойын жүргізуші сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандардың әрқайсысына жеке-жеке қойып шығады.


Содан соң сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Сырттан кір ген ойыншы үйдегі ойыншылардың арасынан өз есімімен аталған ойыншыны табуы керек. Егер таба алмаса, онда айыптылар орнына барып отырады. Ал егер дұрыс тапса, сол өзімен «аттас» ойыншының жанына жайғасады. Осылайша сыртта тұрғандар бір-бірлеп тегіс ішке кіріп болғасын ойын тоқтатылып, айыптылар қатарына іліккендер көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, домбыра тартады. Әйтеуір білген өнерін көрсетеді.


Келесі кезекте екі топтың ойыншылары орындарын алмастырып, ойынды қайта жалғастыруға болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу