Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  97


Автор: Нұрлан Қалқа

Ат үркіп...

Ат үркіп, ала қашты асып тауды,
(Хайуан да жақтырмайды жасықтарды).
Сексенде аттан құлап, абайсызда,
Қайран əкем əп-сəтте сасып қалды.
Сексенде жүрген жанға шалғы тартып,
Құрығын салғаны ма, əлде «қарттық»?!
...Атты емес, өзін сөгіп əкем жатыр:
«Қойдым ба, – деп, –
тартпаны қатты тартып?!».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу