Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  95


Автор: Нұрлан Қалқа

Анам ауырғанда

Анам ауырды дегенде,
Ұшқым келді Кегенге.
Дəрменсіз мен күй кештім,
Қызмет қойды көгендеп.
Анам ауырды дегенде,
Күйге түстім шерменде.
Іштен тынып, қайғырып,
Құса болдым мен демде.
Анам ауырды дегенде,
Дұға қылдым мен демде.
Жалбарындым Аллаға:
«Жаза гөр, – деп, – тез емдеп!»...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу