18.08.2022
  484


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Бұрыш

Ойынды бес не тоғыз бала ойнайды. Ойын жүргізуші ортада тұрады. Қал-


ған төрт ойыншы бір-бірінен 3–5 метр арақашықтықта төртбұрыш жасай тұра- ды да, кезек-кезек орындарын ауысты- рады. Ойын жүргізушінің мақсаты – төр- теуінің ортасында тұрып, ретін келтіріп босаған орынға тұра қалу. Талас тудыр- мау үшін әрбір ойыншы өзі тұрған жерді шеңбер жасай бормен сызып қойса да болады.


Ойын барысында орнынан айырылған ойыншы ортаға шығып, ойынды әрмен қарай жалғастырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу