Өлеңдер ✍️

  16.08.2022
  514


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Кластасымның әйелінің сыры

Досың ғой, құрдас,
Сен оған тіпті кектенбе,
Гүл теріп өскен қос құрдас едің көк белде.
Үйіме менің жақсылық келіп қонады,
Сыныптас досы,
Сен үйге келіп кеткенде.
Жанымда жүр ғой,
Демедім оған, қартайдың.
Жүйкесі тозған,
Өмірдің заңы, байқаймын.
Буыны қатпай жүрген бір жұрттың баласын,
Оқытам деп мен,
Шоқытам деп те шаршаймын.
Жаныма досың,
Жауһазын әсем гүл екті.
Айтады әр кез ақпейіл әсем тілекті.
Қасында оның қалықтап жүрмін аққудай,
Періште пейіл, достарын үйде түнетті.
Өзгелер жүр-ау,
Тұлпарға теліп тайқарын.
Өсек сөз қуып сыртымнан айтып, айтарын.
Сен келіп қонып кеткен күн үйге, құт кеп жүр,
Мен соны құрдас,
Мен соны досым байқадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу