Өлеңдер ✍️

  16.08.2022
  185


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Интернетсіз ауыл

Қазақпыз ғой,
Өмір сүрген барменен.
Әр қиырда,
Алыс қалған әр мекен.
Министр-ау сұрап көрші бірінші,
Әр ауылда интернеті бар ма екен?
Бір ауыздан сені құптап қолдайын.
Артық айтсам,
Жазалашы, оңбайын.
Бұл жөнінде қақсап жатыр телеарна,
Жазып жатыр,
Айтып жатыр ол жайын.
Өтер, кетер,
Көрсетпесін азабын.
Қазағым-ау тарқамасын базарың.
Тар жол тайғақ кешкен күнді өткерген,
Зұлыматтан аман шықсын қазағым.
Ұғып көрші,
Сұрап көрші ол жайын.
Көзге шыққан теріскендей болмайын.
Көп жандардың үйінде жоқ комьютер,
Қалай сабақ оқиды екен онлайн?
Мүмкін енді жиярсың-ау есіңді.
Күттік пе екен,
Індет пенен кесірді?


Кім шешеді,
Кім кеседі ал айтшы,
Түйін болған осы мына шешімді.
Бұл шешімің жұртқа үлгі бола ма?
Қалай білім береміз-ау балаға.
Қала мейлі,
Ауылдарды қайтеміз,
Ұстамаса интернетің далада.
Көкбөрінің ұрпағы деп, демеп те.
Керекке де жығылады терек те.
Қамту үшін бар мекенді «Желімен»,
Тәж тажалды күтіп жүру керек пе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу