Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  60


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жазушының ұлына

Әруақ бар дегенге Сіз, сенесіз бе?
Жөн сілтеп,
Жөнін айтып бересіз бе?
Не қасиет болды деп ойлайсыздар,
Мәшһүрдің шірімеген денесінде?
Бабалар,
«Қасида» оқып жер астында,
Бүгінде шаһит болып ел астың ба?
Ойланшы,
Дүмшелердің күні қараң,
Уағызы жетектеп жер астына.
Қазақта, қанша ма «Ишан» ұлық өткен.
Бұл күнде сыр-аяқтың сыны кеткен.
Бүгінде, әсіре діншіл ұрпағың көп,
«Қанафи масһабыңның» құны кеткен.
Көк бөрі,
Көкжал тірлік оралады.
Бүркіт боп жүрміз бүгін томағалы.
Томағасы шешілген қырандайын,
Түбінде бақытты күн оралады.
Тұлпарың оза шапса құнан деме.
Көп жандар бәле іздейді бұдан неге?
Оқ сөздер қадалса да, үндемейді,
Бізге сабыр бермеген, шыдам неге?
Елбасының таңдауы, баптағаны.
Осы кісі, сенімді ақтар әлі.
Әке көрген оқ жонар, игі ісімен,
Тарихтың толтырады ақ парағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу