Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  261


Автор: Қажытай Ілиясұлы

САЯТТА

Сәріден қолда құс қырындап,
Сақалын тарайды мұнар бұлт.
Қарт жанын тартады құрулап,
Бойдағы аңшылық, құмарлық.
Астында жарау ат, тоқ бүйір,
Бөктерге тартты тік қыстақтан.
Болса да бет алды көп шиыр,
Таниды-ау, тың ізді тіс қаққан?!
Жөнелді бір сәтте құйғытып,
Көз жазып шыжымды бүркіттен.
Қараймын жаныма күй бітіп,
Қылпына нүктедей бір түрткен!..
1964 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу