Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  83


Автор: Ғалым Әріп

Мұң

Мұңсыздық – дертім ол менің,
Жаныма жақын жолатпа.
Мұңсыз мен жүрсем, сөнгенім,
Сөнгенім менің -өлгенім,
Келгем жоқ, өмір, қонаққа.
Білемін мәңгі жасаман,
Болмайын, бірақ, масыл ұл.
Боркемік пенде, жасық ұл,
Ұлы өмір , менмін ғашығың,
Мұңыңнан қалай қаша алам?
Мұңсыз мен жүрсем сорлымын,
Босқа өткен күндер – ол күнім.
Мұң барда жыр боп шалқыдым,
Сезімге селдей балқыдым,
Құсың боп көкте қалқыдым.
Асылым менің жарық күн,
Демеймін ойсыз, ғаріппін.
Кетпейін барға мастанып,
Астамсып жұрттан төс қағып,
Ойласам қамын халықтың.
Мұңымнан мені айырма,
Мұң-сағым сүйрер қиырға...
Уайымсыз жүрген жандарда
Жансыздан қандай айырма?
Баста, өмір, мені арманға!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу