Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  91


Автор: Мұхамбетберді СҮЙІТОВ

ҰМЫТА АЛМАСАМ КЕШ МЕНІ

Жүректе сезімнің сәулесі өшпеді,
Сен жүрсің елестей,
Ұмыта алмасам кеш мені,
Менімен егеспей.
Қаңтарда жаурадым, қалтырап,
Сезімді жүректе жылыттым,
Қонбады басыма жалқы бақ,
Мен тіпті,
Аруды сүюді ұмыттым.
Бөлектеу болмысым,
Өмірім өзгеше басқадан.
Сен менің оралмас жыл құсым,
Тұзаққа түсірген хас надан.
Әдеті өмірдің осындай,
Сүйгізіп, сыйғызбай жүретін.
Тағдырың төреші, тосылмай,
Сиықсыз тірлікке күлетін.
Көзімде көктемнің кештері,
Болашақ шықпаған белестей,
Ұмыта алмасам кеш мені,
Менімен егеспей...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу