Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  77


Автор: Айгүл Талысова

ТҮН ІШІНДЕ

Тынышымды алдың сен түн ішінде,
Сыздатып сағынышты.
Өзіңсіз өткерген бір күн үшін де
Жүрегім тағы у ішті.
Жайдары жанымды сезім кеп өпті де
Еске алдым жүзіңді.
Кеудемнен сапыран бір құйын өтті де
Мың тамшы үзілді.
Көктем ед көңілім, Сен келіп жылаттың
Жаралап жүректі.
Санама селкеусіз тым жылап, жылап тым,
Махаббат гүл екті.
Мен әлі өзіңе ғашықпын сол кештей
Сезімім сөнбеген.
Көзіңнен күн көрдім, күн көрдім мен еш те
Өзгеден көрмеген.
Әлдилеп, аялап жанарың жанымды,
Сен жаққа баурады.
Жаңбыры сезімнің ашылмай ағылды,
Пәк сезім жаурады.
Атса да аппақ боп арайлы таң күліп,
Сеппеді жанға нұр.
Жүремін күнде мен мұңайып, таңды ұрып
Түсіме таңда кір.
Көп болды көрмеппін ермеппін артыңнан,
Риясыз көңілмен.
Сәбидей сезімді жүзімнен алқынған
Сезсеңші төгілген.
Сезімнің толқыны тулайды теңіздей,
Тоқтамай толқулары.
Жүрегім аңсаумен, жан достым, сені іздей,
Шын айтам толқулы әлі.
Сезімнің толқындары...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу