Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  75


Автор: Айгүл Талысова

МЕН САҒЫНЫШПЫН

Мен Сағынышпын, иә, Сағынышпын,
Жан-жағыңнан қарап жүр Сағынышты.
Әттең, әттең, қиқулап көңіл құсы,
Өзіңе тағы да ұшты.
Жапырақтан тамшы тамды үзгенімде,
Мені сен бе шақырған түз белінде?
Сағынышпын, сарғайып жетіп қалам
Сырымды айтып сыбырлап күз керімде.
Сенбейсің сенбейсің де сенбей ақ қой,
Енбесең түсіме де енбей ақ қой.
Кейімен қиын десең өзім барам,
Келмесең келмей-ақ қой, келмей-ақ қой!
Мен Сағынышпын...
Әлі-ақ іздеп жүрерсің Сағынышты.
Сағынарсың әлі ақ сен, сағынарсың,
Сағынышқа бар адам бағынышты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу