Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  75


Автор: Гүлсім ДҮЙСЕНБАЕВА

Мөлдір тамшы

...Ақтарып ем өзімнен ой парағын,
Апта, күндер кебімен тойтарамын.
Тәубе қылып, алдыңа жығылып ем,
Теріс қылығымды тағы қайталадым...
Күнәһар-көз қарайды қапталымнан,
Құтқар, Ием, қырсықтың қақпанынан!..
Күпір-сана, күл-кеуде кермек сасып,
Құл-ғұмырдың қайтпай ма қатпарынан?..
Азан даусы, бесіннің кеші – кием,
Амал білмес бүгіннің көші – күйем.
Адам аттан арзан іс артық кетті...
Кешір, Ием!
Қателігім – қадаулы қадамымда,
Қапері – мін пенденің ада мұңға.
Қадір тартқан Пайғамбар үмметіне,
Қасиетті шақырып қағба-нұрға.
Пейіл-перде – көпірде ол бір жаршы,
Жазалыға тиеді теңбіл қамшы.
Иманы ұйып жығылған мұсылманның
Жүрегінен тамады мөлдір тамшы...
P.S.: Жаббар Ием!
Жаратқан жарық күнді,
Жаныма бер қанағат – қағып мұңды.
...Алла нұры себелеп атырапқа
Ақ жаңбыр жауып тұрды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу