Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  134


Автор: Гүлсім ДҮЙСЕНБАЕВА

БЕЙНЕУ

Беу, дариға, боз керім далам,
Беліңнен ойдың безгенін бағам.
Балбалдар салған баябан аңыз
Бағзыдан қалған өзге бір ғалам!
Ерлігің-аңыз, бесігің-арман,
Еңбегін беріп, несібін алған.
Ер Бейнеу бабам ел тарихында
Ертегі болып, есімі қалған.
Иірім жолдар сыры көп жұмбақ,
Игілікке тұр иығын қомдап.
Адырасапан исі-киесі сынды,
Иен өлкенің ғұмыры қымбат.
Нәзира-дәурен, іңірге ғашық.
Нәркес-күй толқыр, Сүгір жыр тасып.
Нәби Хақ, өзің қолдай гөр енді,
Нәті асау жұртқа нұрыңды шашып.
Ебелек самал елшісі қырдың.
Еншісі болдың есіл де сырдың
Ертеңге үміт жалғадым-дағы,
Еркінді дәурен, ерке өмір сүрдім.
Уантып, көңіл жадырағасын,
Уақыттың мұңы адыра қалсын.
Уағдам осы, топырағыңнан,
Тамырлы тінім ажырамасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу