Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  61


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

АУЫЛҒА КЕЛГЕНДЕ

Жүрегіме жыр,
Көңіліме гүл сыйлаған,
Ақ сағымдарың – көкірегімдегі сағынышымдай тулаған.
Оралдым саған, Ақтаудың аңыз өлкесі,
Сағынып келдім,
Жаныма жұпар құй, далам!
Сағынып келдім,
Жаныма жұпар құй, далам!
Ұғасың ба сен
Жүрегімдегі жойқын сезімді тулаған?!
Өзіммен бірге қосыла толқып тұрғандай,
Домбыра-дүние шанағындағы күй-ғалам.
Бойыма әлі тұмар ғып тағып келем мен,
Дарытқан өзің, қасиеттеріңді сыйлаған.
Жазира далам,
Байтақтығыңнан осынау
Жаныма дархан, кеңпейіл мінез жинағам.
Күн санап күткен,
Сарғайған сезім басшы боп,
Сағынып келдім,
Жаныма жұпар құй, далам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу