Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  119


Автор: Алмас АЛТАЙ

ЖАТАҚХАНА

Қараңғы дәліз, шамдары сығыр көңілсіз,
Сол дәліздерден сыңарын тапқан көп жігіт.
Мына үлкен үйде уақыт баяу өнімсіз,
Жылжиды тегі, қаңғырып арман, тозды үміт...
Қыз да көп алтын, болғанда қайтсін, періште,
Тайғысы келмей қасарса жүрген жолынан.
Есігіңді қағып қашады екен, еріксе,
Бір сыбағаннан, басқа дәрмен жоқ қолыңда.
Мен махаббатпын, ал қайда мендік махаббат?
Қарсымнан көздер, сыртымнан сөздер қадалған.
Сәл қателессең қанжарын суық тақамақ,
Жүргенің сосын үрейің көшпей санаңнан.
Бұл үйде заң көп, бірі де тасқа түспеген,
Дырдумен өткіз, ұйқыға қажет түніңді.
Пенде баласы үйренер көрге үш күннен,
Мен жүрмін тосып, үйреніп кетер күнімді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу