Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  197


Автор: Айнахан Есетова

Бейнеу баяндары

Елдік үшін бітпей қойғн егесі,
Көк тіреулі Күйкенінің төбесі.
Жеті жұрт кеп, ауып кеткен жеті жұрт,
Беу, Бейнеуім сенін ойын - сан батырдың көбесі!
Беу, Бейнеуім - сенің қырың - сан батырдын жебесі.
Беу, Бейнеуім- сендік аңыз – сан ғасырдын елесі!
Мәңгілік Күн шапақ сеуіп, Кұт –Тәңірі сыйлаған,
Бұл өлкені мекен еткен Көк Түріктің Төресі,
Аршылан боп жарып шыққан өзегінен ажалдың,
Ары - Азат, Айбыны - үстем, Адай деген ел осы!
Бір Алладан ұрпақ үшін, бере көр деп адал күн
Мінәжатты Пір бабамның мешіт салған жер осы.
Имани –Нұр тұнығынан перзент сусын қандырған
Бағзы шаҺар, ежелгі жұрт, қарашаңырақ мөрі осы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу