Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  109


Автор: Бесінбай Бегеніш

Ит ұлыған күн

Есқуат – Дүйсен жылқы өсірген бай еді,
Ықтасыны. Қаңбақтының сайы еді.
Тайғыр келіп етек жеңін жинақтап
Шаруасы биыл тәуір жәй еді...
Қаншасы оның тарихтан жойылған,
Құлпы тасқа сұрау белгі қойылған.
Кейде тіпті шүкіршілік етесің –
Зіл батпан жүк шықпай жатыр ойымнан?!
Байқаусызда айырылғандар асылдан,
Бармақ тістеп қапылыста бас ұрған,
Ит ұлыған сол бір түннің ашуын
«Қаңбақ сайдың» қосқаттары жасырған?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу