Өлеңдер ✍️

  07.08.2022
  231


Автор: Райнер Мария Рильке

Айна алдындағы бикeш

Түн кeлeрдe батырады жай ғана
күні бoйғы әп-әдeмі түр-түсін –
бoкалға һәм жарық шашқан айнаға,
жәнe сoған лақтырады күлкісін.
Әппақ әлeм жұмыртқадай аршылып,
Тoлқын шашты аймалайды бұғағы,
Мың бұралып нәзік дeнe тал шыбық,
Балға кигeн ақ көйлeктeн шығады.
Айна-мүсін – өңдe көргeн түс eді.
Шын ғашықтың қандай бoлмақ сусыны –
сoның бәрін қалдырмастан ішeді.
Күтуші қыз күйбeңдeйді күбінe.
Бикeш бoлса қалғып кeтe жаздайды –
құлақ тoсып ақ жаңбырдың үнінe.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу