Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  59


Автор: Қыдырбай Тұрмағанбетұлы

«ЭФИРГЕ» - 100 ПРОЦЕНТ

(сықақ)
Құй сеніңіз, құй сенбеңіз,
Біздің бір жеңгеміз
Күні бойы жортып
Жүріп тұратын кісі.
Жүргенде жәй жүрмейді,
Құлағын локатор есебінде
Түріп тұратын кісі.
Мәселен:
Кімдердің кімдермен ішетінін,
Қай бастықтың
Қай күні түсетінін,
Оның босаған орнына
Қай тәйтіктің келетінін,
Келу үшін нендей пара беретінін,
Қай әйелді күйеуі сабағанын,
Айықтырғышқа кімдерді қамағанын
Тағы басқа сол сияқты
Кімнің қандай «індеті» бар...
Міне, осының бәрін жеңгейдің
Біліп алу деген «міндеті» бар.
Себебі, мұндай шағын
«Информациялар» жағын
Жеңгеміз өте-мөте ұнатады.
Оны құлпыртып таратқанда
Небір тасбауырларды жылатады.
Айтпақшы ол кісі
Мұндай хабарлардың
50 процентін естісе жетіп жатады,
«Эфирге» - 100 процент боп кетіп жатады.
Таңданасыз ба? Жеңгейдің өзі-ақ
«Елуін» ойдан қосып алады.
***
Біздіңше
Өсек деген осы болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу