Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  93


Автор: Бірғали Байекеев

Ағаның алақаны

Өмір лебі,
Төңірегі той-думан,
Балаң жігіт,
алаң жігіт ой қуған.
Көргеннен-ақ
көркем сұлу кісіні
Көңіл қарнын
тойдырудай тойдырған.
Шын ұғынып
шыдам менен төзімді
Ерте тұрып,
тым кешірек көз ілді.
Қалам ұштап
қолдауымен Сәкеннің,
Жазу сырын
сезудей-ақ сезінді.
Тосылса да
тастамады қаламын.
«Шайқамады
құр бекерге шалабын».
Бала Ғабит
дана Ғабит боп шықты,
Ұмытпады
алақанын ағаның.
Шын жүйріктер
іздемейді пайда құр,
Жабыларда
жабысқақ боп айла жүр.
Алақанын
ақ желкен қып керетін
Жақсы ағалар
бүгіндері қайда жүр?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу