Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  397


Автор: Өскінбай Қалмамбетұлы

КЕРБЕЗ АЙША

Алыстан іздеп келдім, кербез Айша,
Басасың аяғыңды жорға тайша.
Мен өзім ел қыдыған кұрбың едім,
Ерітші жүрегімді сары майша.
Сізді жұрт былқылдаған биші дейді,
Халқымыз бізді жорға күйші дейді.
Жолдасым құлағыма сыбырлайды,
Айшаның ақылына тілші дейді.
Айшажан, кербездікпен бұраңдайсың,
Қол жетпес аспандағы қырандайсың.
Түлкідей бұлаңдаған шіркін дүние,
Шалдырмай құйрығыңды, бір алдайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу