Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  61


Автор: Серікбай Бердияров

О, дүние, саламат...

О, дүние, саламат,
Аман саулықты бағала.
Таразы басы теңеспек,
Болған жерде қанағат.
Үкілеп бақты бармақтай.
Жігін жатқызып тармақта.
Жиналған заттың барлығын.
Алып кетпейсің ар жаққа.
Үміттен қыздан,баладан
Келмейді ырзық даладан.
Дегенің бола бермейді,
Өзінше тұлға әр адам.
Іздесем ілік тағамын,
Қақырамасын қағаның.
Теңізден дүлей емессің,
Дүйдектетін жағаны.
Қызметтен еліңе,
Түйгіле тары келіге,
Тасыңды өрден көрейін,
Түсейін шалқар көліңе.
Үлкен брат та құрысын,
Біреуге жағар шырышын.
Кішісінен де абайла,
Бөлісе бермес ырысын.
Тіршілік сәні тыныштық,
Басқаны түгел ығыстыр.
Араға кіріп кетпесін
Құлқұнның құлы жымысқы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу